Алматыдағы ерекше семинар!


24-қараша. 2018 жыл. Бір қарағанда ешқандай ерекшелігі жоқ күн секілді. Бірақ, бұл күн компаниямыз үшін есте қалды. Әсіресе, Алатау бөктеріндегі арман қала Алматы үшін. Себебі, бұл күні табысқа жетіп, талайды таңдай қақтырған тұлғаларды тоғыстырып, арманы бір, мақсаты айқын жандарды табыстырған Алматы қалалық семинар-шоуы болып өтті. Керемет кешке жиналған қауым компания көшбасшыларының шабытқа толы, арманымызды оятатын сөздерінен күш жинап, басшылардың жағымды жаңалықтарын тыңдап, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары «МузАРТ Life» тобының өнеріне тәнті болды. Аталмыш семинар-шоудың тағы бір тәтті сәті Алматы қалалық аймақ басшысы Дастан Қалыбекұлының компаниямыздың вице-президенті болып тағайындалуы. Өзінің адал еңбегімен, ерекше дарынымен көпшіліктің көңілінен шыққан Дастан Қалыбекұлы дара шауып, дарабоз атанды. Компанияның атқарушы директоры, білікті басшы, керемет көшбасшы, табысты бизнесмен Қабыкен Уәлихан ел алдына шығып, өз жүріп өткен жолын баяндап, жиналғандардың жанарына жас, жүректеріне үміт, бойларына шабыт сыйлай білді. Сондай-ақ, Баян Бабишева, Бакытгуль Байкасынова және арнайы қонағымыз Астана қаласының аймақ басшысы, компаниямыздың №1 чегі Бейсенов Болат мырза сынды талантты да табысты, артынан үлкен команда ерте білген көшбасшылар сөз сөйлеп, бизнестің қыр-сырымен бөлісті.
Семинар-шоудың түйіні бағалы сыйлықтар ойнатылған лотереямен қойылып, жиналған қауым естен кетпес әсер мен жақсы мотивация алып тарқасты.